Алдағы күндердегі ауа райы белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 12-14 қазан аралығына арналған ауа-райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Синоптиктердің болжауынша еліміздің шығысында ауа райы жылына бастайды.
«Қазақстанда тұрақталған жылы ауа-райы Жерорта теңізі аймағынан түскен әуе қысымымен байланысты. Жақын екі тәулікте жылу республиканың шығыс облыстарына таралуын жалғастырады», делінген хабарламада.
Алайда еліміздің батыс өңірінде күн салқындайды.
Қазақстанның батысына Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аймағынан дымқыл және салқын ауа түсуін бастайды. Сондықтан республиканың қалған территориясына қарағанда, бұл жерде температура төмендейді және кей жерлерде жаңбыр өтеді.