Алдағы күндері Алматыда қатты ыстық болмайды - Қазгидромет
МАТЫ. 19 шілде. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алдағы күндері Алматы қаласы мен облысында күннің қатты ысуы болмайды, деп хабарлайды Қазгидромет.
20-шы шілде күні Алматыда күн ала бұлтты болып, күндіз ауаның температурасы 27-29, түнде 17-19 градус болады. 21-і күні де аздап жаңбыр жауып, ауаның температурасы күндіз 26-28 градус жылылықты көрсетсе, түнде 17-19 градус болмақ. Алматы облысында да ауаның температурасы осы көрсеткіштерге жақын. Жалпы алғанда, алдағы күндері Алматы маңында аптап ыстық бола қоймайды деп мәлімдейді Қазгидромет.