Алдағы күндері Астанада күн жауын-шашынды болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы күндері Астанада күн бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Бұл туралы astana.kz сайтына Қысқа мерзімді болжамдар басқармасынан хабарлады. Бүгін күндіз сынап бағанасы +16+18°С, түнде +8+10°С көрсетеді. Ертең, 15 шілдеде ауа температурасы +18+20°С, түнде +8+10°С болады.
Синоптиктердің болжамынша, 16 шілдеде ауа температурасы күндіз +22+24°С, түнде +9+11°С дейін жылынады. Сонымен қатар, үш күн бойы солтүстіктен, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 18 м/с жетеді.