Алдағы күндері елдің солтүстігінде ыстықтың беті қайтып, жаңбыр жауады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 21-23 маусымына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады. Бұған фронтальді ауа ағымы әсер етеді. 21 маусымда солтүстікте, елдің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, желдің күшеюі күтіледі және бұршақ жаууы мүмкін. Бірақ жаңбырға қарамастан, елдің көп бөлігінде температура аясында айтарлықтай өзгерістер болмайды. Тек солтүстік аймақтарда күндіз 18-28 градус ыстық болады», - делінген хабарламада.