Алдағы күндері елімізде жауын-шашынды ауа райы күтілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 10-12 тамызға арналған ауа-райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Республика аумағына Таймыр аудандарынан келетін терең және ылғалды циклон әсер етеді. Салдарынан жаңбыр, екпінді жел және ауа температурасының төмендейді. Кей жерлерде найзағай, жекелеген аудандарда - нөсер, бұршақ және екпінді жел болуы ықтимал. Солтүстік және шығыста ауа температурасы +12... +17 дейін төмендейді, кей жерлерде +23...+28 жылы, батыс пен оңтүстікте +23...+28, кей жерлерде +33 градусқа дейін жылы болады», - делінген хабарламада.
10 тамызда Астана қаласында көшпелі бұлт шығады, өткінші жауын жауып, найзағай жарқылдайды. Бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал. Солтүстік, солтүстік шығыстан соққан жел 9-14. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +21+23°С.
11 тамызда күн бұлтты, жауын-шашынды, найзағай жарқылдайды. Күндіз бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Солтүстіктен соққан жел 9- 14, жылдамдығы 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +15+17°С.
12 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батыс желіне алмасып, ұйытқуы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +17+19°С.
10 тамызда Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +32+34°С.
11 тамызда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Жел 0-5, найзағай кезінде дауылдың ұйытқуы 12 м/с.
Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз +30+32°С.
12 тамызда күн бұлтты, жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты найзағай жарқылдайды. Жел 2-7, найзағай кезінде дауылдың күшеюі 10 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +22+24°С.