Алдағы күндері еліміздің солтүстігі мен орталығында аптап ыстықтың беті қайтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер 13-15 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алдағы күндері еліміздің солтүстігі мен орталығында аптап ыстықтың беті қайтады

«Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі, найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыс антициклоны салдарынан еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, ары қарай орталық өңірлерде ыстықтың беті қайтады. Тек еліміздің батысында және оңтүстігінде күн райы ашық болады. Ал Қазақстанның оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа температурасы әрі қарай көтеріледі», делінген болжамда.