Алдағы күндері еліміздің солтүстігінде аяз күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19-21 қараша аралығында еліміздің солтүстігінде аяз күшейе түседі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

 Алдағы күндері еліміздің солтүстігінде аяз күшейеді

Сібірдің солтүстік аудандарында орналасқан күшті және суық антициклон әсерінен республиканың солтүстік бөлігіне нағыз қысқы аяздар орнады. Бірнеше күн күндізгі ауа температурасы мұнда климаттық нормадан 5-10º төмен.

19-21 қараша аралығындағы кезеңде антициклонның күшеюі күтіледі, ол температураның одан әрі төмендеуіне әкеліп соғады, кей жерлерде 28-31º аяз болады.

Қазақстанның оңтүстік облыстарында Каспий теңізінің оңтүстігінде қалыптасқан циклон ауысатын болады. Ол өзімен бірге жаңбыр және жабысқақ қармен бұлтты ауа райын әкеледі. Онымен бірге температура нормадан 2-4º жоғары сақталады.