Алдағы күндері еліміздің солтүстігінде - қар, ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3-5 желтоқсан аралығында еліміздің солтүстік бөлігінде қар жауады, ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
None
None

Қазақстанда жылы және жауын-шашынсыз ауа райының сақталуын септескен Сібір антициклонының сілемдері бұзылып, шығысқа қарай ығысады. Оның орнына Каспий теңізінің аудандарынан атмосфералық фронттармен циклон келеді, ол алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облыстарындағы ауа райына ықпалын тигізеді. Соған орай жауын-шашын, жаңбыр, қар, тұман, көктайғақ, желдің 15-25 м/с дейін күшеюі күтіледі.

Ауа температурасы орташа көпжылдық мәнінен 1-5º, оңтүстікте 5-10º жоғары болады.

Соңғы жаңалықтар