Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы салқындайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 8-10 тамызға арналған ауа-райы болжамын жария етті.
«Антициклонның орнына Таймыр аудандарынан терең және ылғалды циклон келеді, соның әсері Қазақстан аумағына жаңбыр және салқын ауа алып келеді, сондай-ақ кейбір аудандарға бұршақ жауып, екпінді жел соғады.
Солтүстікте, ауа температурасы 18-23 дейін төмендейді, кей жерлерде 26 градусқа дейін жылы, ал батыс, шығыс және оңтүстікте ауа температурасы шамалы төмендеп, 30-38 жылы болады деп күтілуде», - делінген хабарламада.
Астана қаласы
8 тамыз күні: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 10 м/с. Ауа температурасы түнде +13 +15°С, күндіз +26 +28°С.
9 тамыз күні: көшпелі бұлт, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Батыстан соққан жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +13 +15°С, күндіз +28 +30°С.
10 тамыз күні: көшпелі бұлт шығады, өткінші жауын жауып, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан соққан жел 9-14, күндіз желдің ұйытқуы 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +12 +14°С, күндіз +23 +25°С.
Алматы қаласы
8 тамыз күні: көшпелі бұлт шығады, жауын шашынсыз. Жел жылдамдығы 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +20 +22°С, күндіз +34 +36°С.
9 тамыз күні: көшпелі бұлт шығады, жауын шашынсыз. Жел жылдамдығы 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +20 +22°С, күндіз +33 +35°С.
10 тамыз күні: көшпелі бұлт шығады, күндіз өтпелі жауын жауады, найзағай жарқылдайды. Жел жылдамдығы 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +20 +22°С, күндіз +33 +35°С.