Алдағы күндері Қазақстанда күн суытады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағы арқылы үлкен жылдамдықпен атмосфералық фронттар өтуде. Сондықтан елімізде жауын-шашын, бұрқасын, қатты жел, тұман мен көктайғақ орын алып, қолайсыз ауа райы сақталуда. Бұл туралы 8-10 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамында «Қазгидромет» РМК хабарлауда.
None
None

Алдағы үш күнде де ауа райы қалпына келеді деп айту қиын, Қазақстан аумағын суық ауа фронттары басады деп күтілуде.

Егер өткен күндері республикамызда ауа температурасы климаттық мағынадан  3-8º-қа кейбір уақыттары 13º-қа жоғары болса, алдағы тәуліктерде ол төмендей бастайды және нормадан 3-8º-қа төмен болады. 

Соңғы жаңалықтар