Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, боран болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 желтоқсанда Исландияда пайда болған циклон 8 желтоқсанда Батыс Сібір мен Қазақстанға әсер етпек.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, боран болады

Бұл циклон салдарынан елдің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қар жауып, боран болады, батыстан соққан жел 18-25, кей жерлерде 28 м/с дейін күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК 8-10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамында.

Республиканың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен ылғалды қар жауып, тұман және көктайғақ болады деп күтілуде. Мұнда жел 15-23 м/с күшейіп, Жамбыл облысында 25-28 м/с дейін жетуі ықтимал.