Алдағы күндері Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының жаңа маусымы ашылады
АСТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - 9 қыркүйекте Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының жаңа маусымының ашылуы өтеді.
Бұл жайында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Маусым Евгений Шварцтың пьесасы бойынша «Сказка о потерянном времени» атты премьерасымен ашылады. Спектакльдің қоюшы режиссері Алексей Орлов.
Бұл бүгінгі жасөспірімдердің ата-аналарына өте жақсы таныс ертегі. Спектакльдің басты кейіпкерлері - өздерінің тентектігі, сабақтан ылғи кешігуі, бір сөзбен айтқанда, уақыттарын зая кетіргені үшін қарияларға айналған тілазар балалар.
Спектакльге театрдың жетекші әртістері - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Валерия Крымская, Любовь Бойченко, Александр Зайцев, Евгений Ефремов қатысады.
Сонымен қатар, спектакльде В. Куприятнов, В. Дрыгалин, Р. Прохоров, Т. Костюченко, М. Куприянова, Г.Тобжанов, К.Золочевская, Н.Лунина, И. Шитова сынды актерлер ойнады.