Алдағы күндері үш өңірде қар көшкіні түсуі мүмкін - Қазгидромет
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК алдағы күндері еліміздің үш өңірде қар көшкіні түсуі қаупі бар екенін ескертеді.
«Қар жамылғысының биік болуына және жылымыққа байланысты Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында 20-23 сәуір аралығында қар көшкіні қүтілуде», делінген дауылды ескертуде.
Синоптиктер қар көшкініне ұрынбау үшін тау бөктерлеріне шығудан бас тартып, абай болуды ескертеді.