Алдағы қысқы мерекелерге байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша жолаушылар пойыздарын қосты

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - Алдағы қысқы мерекелерге байланысты, сондай-ақ, жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша жолаушылар пойыздарын іске қосқаны туралы ақпараттандырады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Алдағы қысқы мерекелерге байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша жолаушылар пойыздарын қосты

Аталған бағдарлар кестесін әзірлеу кезінде жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға көп көңіл бөлінді.

- 2013 жылғы 29 қараша мен 27 желтоқсан аралығында «Атырау - Сағыз» бағытында қатынайтын № 640/639 пойызы, әзірленген кесте бойынша;

- 2013 жылғы 29 қараша 27 желтоқсан аралығында «Маңғышлақ - Бейнеу» бағытында қатынайтын № 657/658 пойызы, әзірленген кесте бойынша;

- 2013 жылғы 2 - 30 желтоқсанда «Семей - Аягөз» бағытында қатынайтын № 643/644 пойызы, әзірленген кесте бойынша;

Аталған маршруттар кестесі мәселесі бойынша теміржол билеттері сатылатын кассаларға және вокзалдардың анықтама бөліміне хабарласуға болады.