Алдағы қыста алғаш рет коммуналдық электротехникалар қар күреуге шығарылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда биыл қыста қала көшелерін қардан тазалауға 100-ден астам жаңа техника шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің мәліметінше, жаңа техника - электрокарлар биыл қыста қала көшелерін қардан тазалауға шығады.
«Алматы Тазалық» МКҚК үшін қалалық бюджеттен қосымша 101 арнайы техника сатып алу жоспарлануда (29-ы жеткізілді). Сонымен бірге, Қазақстан бойынша алғаш рет электрлі коммуналдық көліктер қызметке шығады. Бұл — тротуарды тазалауға арналған көп функциялы 18 электрлік машина (оның 6-ауы жеткізілді). Оларды Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды іске асыру аясында жыл соңына дейін сатып алу жоспарланған», - делінеді әкімдіктің хабарламасында.
Сатып алынатын көліктер экологиялық таза. Мысалы, Dulevo 6000 CNG әлемдегі жалғыз механикалық сорғыш тазалау техникасы. Оның механикалық тазалаудан айырмашылығы шаң шығарындыларын жояды. PONY P-4, P-3 жазда тротуарларды немесе ғимараттарға іргелес жерлерді тазалау немесе жуу, жолдың шеті мен жиектерінде шөп шабу, гүлзарларды суару үшін пайдаланылады, ал қыста қарды тазалау және тротуарларда, көлік тұрақтарында, тар аллеяларда реагенттерді тарату үшін пайдалануға болады.Осылайша, бұл көліктер өнімділікті арттырады және тазалау уақытын бірнеше есе қысқартады.«Бүгінгі күні аудан әкімдіктерінің мердігерлері қысқы көше тазалау жұмыстарына дайындықты бастады. «Алматы Тазалық» МКК маусымаралық жұмыстарды аяқтады. Жеке мердігерлер дайындық жұмыстарын қыркүйек айының соңына дейін аяқтайды деп жоспарлауда. Қазан айында барлық маусымдық техника қысқы мерзімге қайта жабдықталады.Қысқы жұмыстарға 818 бірлік техника («Алматы Тазалық» - 619 бірлік) және 1 240 жұмысшы («Алматы Тазалық» - 724 адам) тартылатын болады. Қалың қар жауған кезде жұмысқа құрылыс ұйымдарынан 150-ге дейін жүк көлігі мен тиегіштер, 1 мыңға дейін жұмысшы тартылатын болады», - деп хабарлады Алматы әкімдігі. Айта кетейік, мердігер ұйымдар Алматыда көктайғақ болдырмау үшін қажетті қаражат дайындады.Мамандар, сондай-ақ, қыста қаланы тазалау технологиясын жасап шықты.