11:04, 25 Қараша 2014 | GMT +5
Алдағы мейрамдарда қазақстандықтар қанша күн демалмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент күнінде қазақстандықтар бірнеше күн демалады. Атап айтқанда, 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар сенбі (29 қараша), жексенбі (30 қараша) және дүйсенбі (1 желтоқсан) күндері отбасы қасында болады.

Ал еліміздің ұлық мейрамы - Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсан да қазақстандықтар үшін демалыс.
Қазақстан азаматтары 2015 жылғы қаңтардың 1-інен 4-іне дейін демалады. Ал одан кейін екі күн жұмыс істеп, 7 қаңтар күні Рождество мерекесін атап өтеді.