Алдағы он жылда мұнай бағасы барреліне $100 болуы екіталай - сарапшы пікірі

«Алдағы 10 жылда мұнай бағасы барреліне 60-80 доллар арасында құбылып тұрады. Өйткені әлемде өндірілетін мұнайдың 4/3 бөлігі оның тасымалы шығындарына жұмсалады. Алдағы уақытта техникалық прогресс болады, соның нәтижесінде энергияның баламалы көздері табылады. Мәселен, автокөліктерді алайық. Қазіргі кезде күн сәулесімен жүретін түрлі электркөліктер шығып жатыр. Бұдан басқа да мысалдар қаншама. Әрине, мұның бәрі мұнай бағасына әсер етпей қоймайды», - деп атап өтті В.Тельнов.
Оның айтуынша, өндірілген мұнайдың ¼ бөлігі мұнай химиясына кетеді. Міне, барлық майлар мен басқа да өнімдер осы бөліктен жасалады.
«Сонымен қатар, мұнай бағасы түрлі кезеңдерге де байланысты. Мәселен, жеті жылдық кезеңдер бар, олар да негізінен әлемдегі өндірістің негізгі құралдарының жаңаруына және жаңа технологияларға байланысты. Сондықтан, мұнай бағасының барреліне 100 доллар болуын алдағы 10 жылда күтпеуге де болады», - дейді маман.
Бұл болжаммен ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы кітапханасының стратегиялық зерттеулер және болжамдар қызметінің меңгерушісі Михаил Мироненко да келіседі.
«Егер де дәл қазіргі жағдайдағы ақшаның сатып алу қабілетіне қарайтын болсақ, онда шынымен де алдағы 10 жылда мұнай бағасының 100 долларға жетуі екіталай. Қазіргі нарықтағы «Бренд» маркалы мұнайдың бағасы барреліне 62 долларды құрап тұр. Бұл нарықта қалыптасқан тепе-теңдік бағасы. Сондықтан биыл осы баға сақталады да, 2016 жылы аздаған «тосынсыйлар» болуы мүмкін», - дейді Михаил Мироненко.