Алдағы онжылдықта ядролық энергияны тұтыну деңгейі арта түседі

«Ядролық энергия бүгінде барша елде байқалып отырған көптеген түрлі сын-қатерге (электр энергиясы тапшылығы) жауап беруге көмектеседі. Бұл тұрғыда өсімнің тиісті экономикалық көздерін энергиямен қамтамасыз ету мәселесін көтеріп отырмын. Сонымен қатар климаттың өзгеруінің теріс салдары әсерін азайту қажет болып тұр»,-деп тоқталды Юкия Амано.
Осы орайда ол бүгінде әлемнің 30 елінде 447 атом электр стансалары жұмыс істеп тұрғанын жеткізді.
«30-ға жуық мемлекет ядролық энергетикаға қатысуға ниетті. Сондықтан МАГАТЭ-нің Төмен байытылан уран банкі болашақта бұл мемлекеттердің атом энергетикасы мен атом отыны бөлігінде өздерінің шығыстарын өтеу үшін сенімділікті қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан да МАГАТЭ банкі АЭС-тер үшін әрқашан да отынға қолжетімділікті қамтамасыз етуде халықаралық күш-жігердің құнды сүбелі үлесі болмақ»,-деді ол.