Алдағы сайлауға дауыс беру белсенділігі өте жоғары деңгейде болмақ - Н. Ерімбетов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайлаушылардың алдағы сайлауға қатысу белсенділігі жоғары болмақ. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия төрағасы Нұрлан Ерімбетов мәлім етті.

«Комиссия мүшелері облыс және аудан орталықтарында, шалғайдағы ауылдарға барып, сапар барысында жергілікті партиялық ұйымдардың жетекшілерімен, кандидаттармен, сайлаушылармен кездесулер өтті. Бұл тұрғыда әріптестерім қоғамның көңіл-күйін байқап, ұсыныстар мен ескертулерді тыңдау мақсатында сапарлап келді», - деп тоқталды Н. Ерімбетов.

Сонымен қатар ол соңғы кезде ТМД байқаушыларымен пікір алмасқанын, таяу уақытта ШЫҰ байқаушыларымен кездесетінін, сондай-ақ алдағы кезде өзге де ұйымдардың өкілдерімен пікір аламасу болатынын атап өтті.

Н. Ерімбетовтың сөзінше, бүгінде сайлаушылар алдағы сайлауға қатысуға белсенді ниет танытуда. Осы орайда дауыс беруге қатысу өте жоғары деңгейде болады деп күтілуде.

«Бұндай пікірді мен әлеуметтік зерттеулердің мәліметіне сүйеніп емес, сайлаушылармен болған кездесу кезінде қалыптасқан әсерім бойынша айтып отырмын. Біз үшін ең бастысы сайлау күні заң бұзушылықтарға жол бермеу. Сондықтан да насихаттау жұмыстары тиісті деңгейде жүріп жатыр, яғни ақпараттың барлығы адамдар үшін қолжетімді»,-деді ол.

Өз кезегінде комиссия мүшесі Әділ Ахметов Ақтөбе облысында болғанын айта келе, онда насихат жұмыстарының барысымен танысып, саяси партиялардың штаб-пәтеріне барғанын жеткізді.

«Партиялар өкілдерінің көзқарасы өте жақсы. Олар елімізге тыныштық, бірлік керек екенін, соның арқасында дамып, өркендейтінімізді алға тартуда. Барлық партияның өкілдері осы сөздерді айтты. Жалпы, халық жеке адамдарға емес, партияның бағдарламасына дауыс береді. Барлығының көзі ашық, көкірегі ояу»,-деді Ә. Ахметов.

Соңғы жаңалықтар
telegram