Алдағы тәуліктерде ел аумағында аязды күндер сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17-19 қараша күндері еліміздің басым бөлігінде аязды ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Қазақстанның солтүстік бөлігінде Сібір антициклоны әсерінен түнде 20 градус аяз орын алып, қар жауып, боран соғады.
Республикамыздың оңтүстік аудандарында жауын-шашын болып, қар аралас жаңбыр жауады, желдің күші 15-25 м/с жетеді. Ауа температурасы түннің өзінде 0º, кей жерлерде 5 градусқа дейін төмендейді.