Алдағы тәуліктерде ел аумағының басым бөлігінде аяз түсіп, боран болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15-17 ақпан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде қар, бұрқасын және үскірік жел күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
«Еліміздің шығыс аймақтарындағы циклон мен атмосфералық ағынның екі жүйесі байланысып тұр. Аталған ағындар Қазақстан аумағымен өткенде бірқатар өңірлерде қар жауып, бұрқасын болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы таулы өңірлерде алдағы тәуліктерде жауын-шашын күтіледі»,-деп жазылған хабарламада.
Атмосфералық ағындардың артынан Ресейдің Еуропа бөлігіндегі солтүстік-батыс аудандардан ауқымды антициклон келмек. Соның әсерінен ел аумағында аязды күндер сақталады.