Алдағы тәуліктерде елдің батысында жауын-шашын түсіп, басқа өңірлерде күн жылынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таяу күндері Қазақстанның батысынан ыстық қайтып, елдің басқа өңірлерінде де ауа райы өзгереді, деп хабарлады «Қазгидромет».

Алдағы тәуліктерде елдің батысында жауын-шашын түсіп, басқа өңірлерде күн жылынады

«Ресейдің еуропалық аумағында қалыптасқан циклон Қазақстанның батыс өңіріне көптен күткен жауын-шашын әкеп, бұл аймақта күн суытады», делінген хабарламада.

«Республикамыздың өзге өңірлерінде де ауа райы өзгереді деп күтілуде. Суық жаңбыр мен түнгі температураның төмендеуіне әкелген солтүстік ағындар оңтүстік-батысқа қарай ойысады. Алдағы үш күнде күндізгі температура 25-33º жылы, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 28-38º жылы болмақ. Бұл ретте жауын-шашын сіркіреп, екпінді жел соғуы мүмкін», - дейді синоптиктер.