Алдағы тәуліктерде еліміздің көп бөлігінде күн суытып, жауын-шашынды болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10-12 қазан аралығында еліміздің көптеген облыстарында күн суытады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Демалыс күндері Ортаңғы Оралда терең циклон әсерінен жауын-шашын түсіп, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді. Қазақстанның батысында, солтүстік-батысы мен солтүстігінде күндіз 3-8 градус жылы болады. Республикамыздың оңтүстік-шығысы мен шығысында күн райы жаздағыдай, ауа температурасы күндіз +25+33ºС дейін ысиды. Бірақ келесі жұмыс аптасының басында аталған өңірлерде ыстық қайтып, жаңбыр жауады.