Алдағы тәуліктерде күн салқындап, жауын жауады - Қазгидромет
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 12-14 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Батыс Сібірде орналасқан циклон, республиканың шығыс бөлігінде әлі де қолайсыз ауа райына әсер етеді. Мұнда жаңбыр жауады. Шығыста және оңтүстік-шығыста найзағаймен, бұршақпен және екпінді желмен бірге, қатты жаңбыр жауады. Республиканың батыс жартысында да температураның төмендеуі күтіледі», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, елдің солтүстік, орталық және шығыс бөлігінде, ауа температурасы түнде 5-13-ке дейін төмендейді, күндіз 15-23 градус жылы болады. Оңтүстікте түнде 8-18-ге дейін, күндіз 18- 34 градус ыстық болжануда. Батыста түнде аздап төмендейді — 17-27, күндіз 30-40 градусқа дейін ыстық болады.