Алдағы тәуліктерде республиканың кей аймақтарында жаңбыр соңы қарға ұласады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК республиканың бірқатар аймақтарына дауылды ескерту таратты.

Алдағы тәуліктерде республиканың кей аймақтарында жаңбыр соңы қарға ұласады

14 қазан күні Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аудандарында жауған нөсер жауын қарға ұласады. Түнде ауаның температурасы 1-6 градус жылылықты көрсетеді, кей жерлерде 1-6 градус суық болады, күндіз 7-12, кей жерлерде 15 градус жылы болады.

15-16 қазан күндері Жамбыл, Алматы облыстарының кейбір жерлерінде жауын-шашын түсіп, 15 қазанның түнінде таулы аудандарда жауын-шашын жауып, қарға ұласуы мүмкін. Түнде ауаның температурасы 2-7 градус жылы, кей жерлерде 3 градус аяз болады. Күндіз 8-13, кейбір жерлерде 16 градус жылы болады.