Алдағы төрт жылда ЖІӨ-нің 8,2% туризмнің үлесінде болады - министрлік

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрлігі туристік саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірледі. Оған сәйкес, алдағы 4 жылда жалпы ішкі өнімдегі туризмнің үлесі кемінде 8,2 пайызға жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Туристік саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, 2026 жылға қарай еліміздің жалпы ішкі өнімдегі туризмнің үлесі кемінде 8,2 пайызын құрайды. Ал тұру және тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтер көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 17,3 пайызға артады. 2026 жылы туристерге қызмет көрсету саласының 90 пайызы цифрландырудан өтеді. Саяхат пен туризмді дамытудың жаһандық индексі бойынша Қазақстан әлемдік рейтингінде 50-орын, ал туристік сервис инфрақұрылымы дамыған елдер арасында 70-орынға көтеріледі», - делінген ұсынылып отырған тұжырымдамада.

Еске салай кетейік, биыл Қазақстанға 200 мыңға жуық шетелдік турист келген. Олардың басым көпшілігі Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қызылорда және Маңғыстау облыстарында демалысын өткізген.


Соңғы жаңалықтар