Алдағы уақытта елдегі барлық күш-қуат құрылымдарының қызметін Қауіпсіздік кеңесі үйлестіретін болады - Президент

АСТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Алдағы уақытта елдегі барлық күш-қуат құрылымдарының қызметін Қауіпсіздік кеңесі үйлестіретін болады.
None
None

Бұл туралы бүгін Ақордада құқық қорғау органдарын реформалау мәселесіне байланысты өткен мәжілісте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Мен Қауіпсіздік кеңесіне елдегі барлық күш-қуат органдарының жұмысын үйлестіріп, олардың қызметін жан-жақты қадағалап отыруды тапсырамын. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басты мәселе осы», деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент өзінің Әкімшілігі мен үкіметке «Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметі мен сот жүйесі қызметінің тиімділігін арттыру шаралары туралы» Жарлықты жүзеге асыру үшін қажетті шаралардың барлығын қолға алуды және осы жұмыстар бойынша бір ай ішінде іс-шаралар жоспарын бекітуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар