Алдағы уақытта еліміздегі кедейлік деңгейінде өмір сүретіндер саны 25 пайызға төмендейді - К. Мәсімов
АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Алдағы уақытта еліміздегі кедейлік деңгейінде өмір сүретіндер саны 25 пайызға төмендейді.
Бүгін елордада «Жаңа онжылдық: Болашақтар мен талаптар» атты IV Астаналық экономикалық форум барысында сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.
«Бүгінгі күні Дүниежүзілік банк Қазақстанды орташа табысты ел ретінде қарап келеді. Біз айтарлықтай прогреске қол жеткіздік, алайда алда одан да ауқымды шаралар баршылық. Біріншіден, біз өз мүмкіндіктерімізді қамтамасыз ете отырып, өмір сүру деңгейінің әртүрлілігі проблемаларын жоюымыз керек. Елімізде инфрақұрылымды дамытуды одан әрі жалғастыру қажет. Соңғы үш жылда 46 жаңа техникалық және кәсіби-техникалық оқу мекемелері ашылды. Бұдан бөлек, біз өңірлік көліктік желілерді жаңғыртуға, коммуналдық желілер мен тұрғын үй құрылысын дамытуға инвестицияны үдетіп келеміз. Ауыл шаруашылығы секторын азық-түлік өнімдерін өңдеу саласы бойынша қосымша қолдауды жүзеге асырудамыз. Осылайша, біз алдағы уақытта кедейлік деңгейде өмір сүріп отырғандар көрсеткішін 25 пайызға төмендетіп, жұмыссыздар санын да 5,5 пайыздан аспайтын деңгейде ұстап тұрмақпыз», - деді К. Мәсімов.