Алдағы уақытта соттардың құзыретіндегі санкциялар саны 9-ға дейін жетеді - И. Меркель

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы уақытта соттардың құзыретіне берілетін санкциялар саны 9-ға дейін жетеді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасын талқылау барысында ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлім етті.

Алдағы уақытта соттардың құзыретіндегі санкциялар саны 9-ға дейін жетеді - И. Меркель

ҚР Бас прокуроратура өкілі Иоган Меркель жаңа редакциядағы кодекс аясында тергеу судьясы институты енгізілетінін айтып, мұндай жаңа институт тәжірибеде алғаш рет сыналатынын жеткізді. «Қазіргі уақытта соттардың құзырында екі санкция бар. Бұларға қоса біз тағы бес санкцияны жүктеп отырмыз. Сосын алдағы уақытта тағы қосымша екі санкция соттарға берілетінін қарастырып жатырмыз, сөйтіп келешекте соттардың құзыретіндегі санкциялардың саны тоғызға дейін жетеді. Бұдан бөлек, тергеу судьяларының қарауында тергеу әрекеттеріне санкциялар беру де қарастырылып отыр», - деді И. Меркель. Оның сөзіне қарағанда, бұл санкциялар жеткілікті әрі осының өзін тәжірибеде жүзеге асуын байқап көру, бұл институттың жұмысын жетілдіру маңызды. «Құқықтық саясат тұжырымдамасында қарастырылғанындай, алдағы уақытта сот тарапынан бақылаулар кеңейтіле түседі», - деді И. Меркель.