Алдағы уақытта жастар «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдердің ең үздік деген көркемдік жоғары оқу орындарында білім алады ? алқа мәжілісі

АСТАНА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Еліміздің жастары алдағы уақытта «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдердің ең үздік деген көркемдік жоғары оқу орындарында білім алатын болады.

Алдағы уақытта жастар «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдердің ең үздік деген көркемдік жоғары оқу орындарында білім алады ? алқа мәжілісі
Бұл туралы бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед министрліктің алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, кеше ғана Елбасы театр қайраткерлерімен болған кездесуде құзырлы органдарға осындай тапсырма берген. «Қазіргі таңда біз осы мәселені Білім және ғылым министрлігімен бірігіп талқылап жатырмыз», деді министр. Сондай-ақ, оның сөзіне қарағанда, министрлік тарапынан бірнеше жылдар бойы драматургия мен музыка саласындағы жаңа шығармалар дайындауға қомақты қаржы бөлініп келген. «Биылғы жылдың мамыр айында біз осы мәселеге байланысты, яғни ең үздік опера мен балетке, драмалық шығармалар мен орта және шағын жанрдағы музыкалық туындыларға байқау жариялаймыз. Қазір осы байқаудың қаржы көздері анықталып, бұл жұмыс мәдениет саласындағы үлкен белес болғалы отыр», деді М.Құл-Мұхаммед.