Алдағы үш күнде Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жауын-шашын мен қалың қарға байланысты Кіші және Үлкен Алматы өзендеріндегі тау бөктерінде 15-18 наурыз аралығында қар көшкіні болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Қары қалың тау бөктерлеріне шықпаған жөн, көшкін астында қалуыңыз мүмкін. Тауға шығар кезде абай болыңыздар», - деп ескертті синоптиктер.