23:41, 07 Қаңтар 2019 | GMT +5
Алдағы үш күнде Астанада ауа райы қандай болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы үш күнде Астанада ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Сейсенбі, 8 қаңтарда елордада күн құбылмалы болады, қар жаумайды.
Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Жылдамдығы 7-12 м/с құрайтын жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа құбыла соғады. Ауа температурасы түнде -12...-14 °С, күндіз -6...-8°С болады.
9 қаңтарда да күн құбылмалы. Батыстан соғатын желдің екпіні 9-14 м/с жетеді. Сынап бағанасы түнде 13...-15°С, күндіз -8...-10°С көрсетеді.
10 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан жылдамдығы 7-12 м/с құрайтын жел соғады. Ауа температурасы түнде -21...-23 °С, күндіз -13...-15 °С.