Алдағы үш күнде Астанада аяз күшеюі ықтимал

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанға солтүстік  антициклонның әсер етуіне байланысты таяу күндері Астанада  аяз күшеюі ықтимал.
None
None

Термометр бағаны -30 градусқа дейін  және одан да төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

«Қазгидромет» РМК-ның  мәліметі бойынша, ертең елордада  күн  ашық болады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Ауаның температурасы  түнде  -31-33 градус, күндіз  -28 -30 градус аязды көрсетеді.  Солтүстік шығыстан  5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады.

12 және 13 желтоқсан күндері де күн ашық болып, түнде және таңертең тұман болады. Түнде  -28-33  градус,  күндіз   -25 -30 градус аяз болады деп күтілуде.  Солтүстік шығыстан  2-7 м/с күшпен жел соғады.

Соңғы жаңалықтар