Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 2017 жылдың 19-21 қыркүйегіне ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Батыс Сібір арқылы циклондар бірінің артынан бірі көшіп, осы циклонға байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның солтүстік аумағына жаңбыр алып келеді. Демалыс күндері ауа температурасы  әдеттегіден 5-9 градус жоғары болды, енді суық фронттардың әсерінен ауа температурасы төмендеп, климаттық нормаға жақын болады. 

Республикамыздың оңтүстік және батыс облыстарындағы ауа райына алдағы 3 күнде бұрынғыдай антициклон әсер ететін болады. Сондықтан да бұл жерде ауа температурасы  жылы, жауын-шашынсыз болмақ, климаттық нормадан 3-8°С жоғары болады.

Соңғы жаңалықтар