Алдағы үш күнде ауа температурасы сәл төмендейді - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республика территориясының басым бөлігінде ауа райына ықпал ететін антициклон алдағы үш күнде шығысқа қарай ақырын ығысады.
None
None

«Антициклонның артынан Поволжья аудандарынан және Каспий теңізінің оңтүстігінен атмосфералық фронттары бар циклондар жылжи бастайды. Осының салдарынан әуелі батыс өңірлерде және одан кейін оңтүстік, орталық және солтүстікте жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады. Температура сәл ғана төмендейді, бірақ нормадан 2-7º жоғары деңгейде сақталады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар