Алдағы үш күнде ел аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 16-18 сәуір аралығында атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Қазгидрометтің мәліметінше, республиканың батыс бөлігіне ғана солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді, соның салдарынан жауын-шашын жаумайды.

Республика бойынша жел күшейеді.

Еліміздің батысында ауа температурасы күндіз 12-20-дан 15-25-ке дейін көтеріледі, солтүстік-батыста түнде 0-12 жылудан 0-5 аязға дейін төмендейді. Солтүстікте түнде 5-12 градустан 0-5 градусқа дейін төмендеп, оңтүстік-шығыста 5 градус жылы болады.

Республиканың орталығында 2-7-ге дейін шамалы көтеріліп, еліміздің шығысында түнде 2 градус аяздан 0-8 жылыға дейін көтеріледі.

Күндіз температураның негізгі фоны 15 градус жылы болады.

Оңтүстікте күндіз 23-32 жылы болады. Оңтүстік-шығыста күндіз 22-30-дан аздап көтеріледі.

Таулы аудандарда 18 жылыдан 25-32 жылыға дейінгі аралықта, таулы аудандарда 20 градус жылы болады.


Соңғы жаңалықтар