14:50, 08 Маусым 2022 | GMT +5
Алдағы үш күнде елімізде жаңбыр жауып, қатты жел тұрады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы үш тәулікте солтүстік-батыс циклонының әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы да ықтимал. Бұл туралы ҚазАқпара «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«11 маусымға қарай республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда нөсер жаңбыр жауады, ал батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Ауа температурасы күндіз 20-28 градусқа дейін біртіндеп төмендейтін солтүстік облыстарды қоспағанда, температуралық фонның елеулі өзгерістері болмайды», - делінген синоптиктер болжамында.