11:37, 16 Қаңтар 2019 | GMT +5
Алдағы үш күнде еліміздің солтүстігінде боран соғып, оңтүстігінде жауын жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер алдағы үш тәулікке, 17-19 қаңтар аралығындағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап
«Иран аймағынан Қазақстан территориясына жылы ауа массаларының енуінен, барлық өңірлерде 5...15 градусқа климаттық нормадан жоғары ауа температурасы сақталуда. Соған қарамастан алдағы үш тәулікте оңтүстік циклонымен республиканың солтүстік жартысында қар, бұрқасын, оңтүстік жартысында - жаңбыр, жылбысқы қар, көктайғақ және тұман күтіледі, бұрынғыдай нормадан жоғары ауа температурасы сақталады», - делінген хабарламада.