Алдағы үш күнде қар жауып, бұрқасын болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 12-14 қарашадаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдағы үш күнде қар жауып, бұрқасын болады

«Бүкіл кезеңде Қазақстанның басым бөлігі Солтүстік циклонның ықпалында болады. Оның бұлтты алқаптары қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын әкеледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, солтүстік өңірлерде бұрқасынның пайда болуына әкелетін екпінді жел күтіледі», - делінген хабарламада.