Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы ашық, жылы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таяудағы үш күнде Қазақстанда күн ашық болып, жылы ауа райы күтілуде, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы ашық,  жылы болады

«Алдағы үш тәулікте Қазақстанға антициклон әсер етеді. Сондықтан, жаздың соңғы онкүндігі келсе де, әдеттегі жылы, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың батыс облыстарында ыстық қайтады, қалған аумақтарда ауа температурасының жоғарылауы күтілуде», - делінген хабарламада.