18:10, 23 Мамыр 2016 | GMT +5
Алдағы үш күнде Қазақстанда жауын жауып, күн күркірейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы үш күнде Қазақстанда жауын жауып, күн күркірейді деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

«Алдағы үш тәулікте (24-26 мамыр) Республика аумағында атмосфералық фронттардың ықпалымен жауын жауып, күн күркірейді деп күтілуде. Ал температура жоғары болады, күндіз сынап бағанасы 22-30ºС жылы, ал оңтүстік пен батыста кей жерлерде 30-35ºС көрсетеді»,- делінген хабарламада.