Алдағы үш күнде Қазақстанның оңтүстігінде ғана күн ашық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 2016 жылғы 12-14 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын таратты.

Алдағы үш күнде Қазақстанның оңтүстігінде ғана күн ашық болады

Синоптиктердің ақпаратынша, әдетте бұлттар азы және жауын-шашынсыз күн райы байланысқан антициклондарды биылғы жылы кезекті циклон ығыстырып жатыр. Алдағы үш тәулікте де Қазақстанға ауысқан антициклон көп тұрмай, тез арада Алтайға жылжиды. Оның орнына Уралдан жауын-шашынды және екпінді желі бар кезекті циклон келеді. Оңтүстік облыстар мен шығыста жоғары атмосфералық қысым сақталып, ондағы күн райы көбіне жауын-шашынсыз болады.