Алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстігінде боран соғып, оңтүстікте тұман, көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы үш тәулікте фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы жауын-шашынды болмақ: Қазақстанның солтүстігінде қар жауып, боран болады деп күтілуде, ал оңтүстік өңірлерде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ орын алуы ықтимал.

Алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстігінде боран соғып, оңтүстікте тұман, көктайғақ болады

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Оңтүстік-батыстан желдің күшеюіне байланысты жағдай республика бойынша аяздың бәсеңдеуіне әкеледі: облыстың басым бөлігінде түнде 0, -5° С, күндіз -3, +3° С, оңтүстік өңірлерде - түнде 0, +5°С, күндіз +3 +10°С болады.