Алдағы үш күнде күн райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы 15-17 қаңтар аралығындағы күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдағы үш күнде күн райы қандай болады

Республиканың көп бөлігінің ауа райына, Баренц теңізі аудандарынан келетін циклон әсер етеді. Соның салдарынан кей өңірлерде жауын-шашын, қар, боран, көктайғақ болады, желдің күші секундына 15-28 метрге жетеді. Сондай-ақ еліміздің батысы, солтүстігі, оңтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетеді. 17 қаңтарға жақын, түнде батыста 5-13 градус аяз, солтүстік өңірлерде 5-15 градус аяз болады. Ал елдің оңтүстігінде 5 аяз — 5 жылу болады деп болжануда.