Алдағы үш күнде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» мамандары 23-25 шілде аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдағы үш күнде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады

Солтүстік-батыс циклоны Қазақстан аумағына қарай жылжиды. Соның әсерінен ел аумағында жаңбыр жауады.

Елдің солтүстік жартысында кей жерлерде қатты жаңбыр болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді.

Оңтүстікте шаңды дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.

Ауа температурасы төмендейді.