Алдағы үш күнде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алдағы үш күнде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Қазақстанға батыс және солтүстіктен жылжыған атмосфералық фронттар алдағы үш тәуліктегі ауа райына ықпал етеді. Фронттардың әсерінен көптеген облыстарда найзағай жарқылдап, екпінді жел соғады. Өткінші жаңбыр жауады. Бірақ жаз жақын қалғандықтан, жауын-шашын кезінде ауа температурасы айтарлықтай төмендемейді. Жаңбыр тоқтағанда ауа температурасы жылдам көтеріле бастайды.