Алдағы үш күнде республикада жауын-шашынды ауа райы болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 26-28 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынады.
«Ресейдің еуропалық аудандарының солтүстігі мен батысынан Қазақстан аумағына атмосфералық фронттар ығысуда. Сондықтан шілдеге қарамастан жауын-шашын республикамыздың басым бөлігінде әлі де жалғасады. Өткен демалыс күндері оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ғана ашық болды. Басқа облыстарда жауын-шашын жүріп, кей жерлерде нөсер жауды.
Алдағы үш күнде, атмосфералық фронттардың әсерінен солтүстік және орталық облыстарда әлі де найзағайлы, өткінші жаңбыр, бұршақ жүреді, жаңбыр еліміздің көп бөлігінде жауады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста алдағы үш күнде аспан ашық болады», - деп жазылған хабарламада.