Алдағы үш күнде солтүстік өңірде қар жауып, бұрқасын соғады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 7-9 қараша күндеріне ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдағы үш күнде солтүстік өңірде қар жауып, бұрқасын соғады - Қазгидромет

«Тұман мен көктайғақ қараша айында жиі болатын метеорологиялық құбылыс. Алдағы үш тәулікте республикамыздың басым бөлігінде түнгі және таңғы уақыттарда тұман мен көктайғақ түседі. Жауын-шашын болып, солтүстік аумақтарда қар жауады, кей жерлерде бұрқасын және желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ға дейін күшейеді. Ауа температурасы нормаға жақын, ал батыс пен оңтүстікте 2-5ºС жоғары болады» делінген хабарламада.