Алдағы үш күнде Түркістан мен Жамбыл облыстарында сел жүруі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері күн райының жылынуына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдағы үш күнде Түркістан мен Жамбыл облыстарында сел жүруі мүмкін

Оған сәйкес, 2023 жылдың 6-8 қаңтар аралығында Түркістан және Жамбыл облыстарында қар аралас жаңбыр жауады.

Осыған байланысты осы аймақтардың таулы аудандарында беткейден еріген қар суы ағады және өзендерде су деңгейі көтеріледі деп болжанып отыр.