Алдағы үш күнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Поволжье жақтағы циклон 80 км/сағ жылдамдықпен Батыс Сібірге жылжып келеді.
None
None

Онымен байланысты атмосфералық ағындар Қазақстан арқылы өтіп, жауын мен қардың жаууына, көктайғақ пен тұманның болуына әкеледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК 28-30 қарашаға жасаған болжамында айтты.

Шығыс Еуропа аумағынан 28 қарашада батыс облыстарға суық атфосфералық ағындарды 30 қарашада елдің шығыс аймақтарына жететін антициклон алмастырады. Антициклон шығысқа қарай жылжығанда жауын-шашын тоқтап, температура төмендейді. Алайда ол климаттық нормадан жоғары болып қала бермек.

Соңғы жаңалықтар